Басты тақырыпМақалалар

Сектаның сегіз белгісі

  1. Маркетинг

Олар маркетингті шебер меңгереді. Семинарларына тегін оқуға шақырады. Адамдармен жылы қарым-қатынас орнатып, хат жібереді. Қайырымдылық шараларға, балалар фестивальдерін және психологиялық тренингтерді шебер ұйымдастырады.

  1. Иерархия

Секта бастамашылары өз ғалымдарының сөзін рухани құндылық ретінде ұсынады. Нағыз шындықты шәкірттеріне айтпайды. Олар иерархиялық жүйені тұтас ұстанып, яғни сатылай өрлеуге шақырады. Сол арқылы оқушыларын бақылауда ұстап, дәрежесін көтеруге ұмтылдырады.

  1. Жарна

Олар сеніміне кіргендерді жарна төлеп отыруға міндеттейді. Жаңадан кірушілерінен қорға қаржы жинауды, игілік үшін төлем жасауды талап ете бастайды. Мал-мүлкін иеленгенше сананы жаулаудың түрлі әдістерін, жадылауды, психологиялық қысымды қолданады.

  1. Күнәсіз көшбасшылар

Олардың көсемдерінің өмірбаяны періштедей пәк болып жазылады. Оның рухтармен сөйлесіп, тылсым қасиетке ие екенін «дәлелдейді». Көшбасшының «шұғыласы» бас айналдырарлықтай суреттеліп, әмірлерін мүлтіксіз орындауға міндеттейді. «Билеуші» сенушілерге алғашында мейірімді болып көрініп, жұмсақ мінезімен жан дүниесін жаулайды.

  1. Санаға шабуыл

Сектантшылар адам миының эмоциялық бөлігін жаулауға тырысады. Олар адам назарын тұрақты шоғарландыруға тырысқанда өз постулаттарын сіңіруге тырысады. Сектантшылардың арасындағы мықты психологтар адамның ойлау жүйесін өзгертіп, өздеріне бағындыруда түрлі әдістерді қолданады. Діни рәсімдер кезінде есірткі заттары мен ұйықтататын дәрі-дәрмектерді қолдануға дейін барады.

  1. Кітаптар мен жиындар

Діни ұйымға жаңадан кіргендерге әрдайым ақпараттық материалдар  дайын. Кітаптар, буклеттер, фильмдер сенушілерді рақат сезімге бөлеп, өз рәсімдеріне ұйытуға септеседі. Олар жиынға неғұрлым көбірек қатысуға тырысып, жақында кірген қатысушыларын  тарта түседі.

  1. Ерекшелену

Олардың ортақ мақсаты бар. Яғни сектантшылар ақырзаманның болатынына сендіреді немесе «сәулеге бөлену нүктесіне» бағыт алады. Бір-бірімен қарым-қатынасы бауырластық сипатта болып, өздерінің әлемі ерекше екенін айтып, басқа ортадан сенушіні «бөліп тастайды».

  1. Белгілері

Олардың өздеріне тән және басқалардың бөгде екенін айқындайтын белгілері болады. Киімдерінен, тәніне салған өрнектен, амулеттен, тіпті шаш үлгісінен символдарын табуға болады. Сектантшылар сол арқылы бір-бірін таниды, үнсіз тіл табысады.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close