Жаңалықтар
Терроризмді насихаттады деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» ведомствоның баспасөз қызметіне сілтемемен.
«15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде радикалды діни нанымдарының негізінде терроризмді насихаттады, террористік топ құрды және оның әрекетіне қатысты деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, олардың тұрғылықты мекенжайларынан қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдар, соның ішінде ұрыс іс-қимылдарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық алынды.
17 қарашада Ақтөбенің екі тұрғыны да сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.