Басты тақырыпЖаңалықтар

Идеологиялық күрес – діни терроризмнің алдын алудағы басты құрал

Қахарман Мусаев, 

Атырау облысы Дін істері басқармасының «Әкімшілік-ұйымдастыру» бөлімінің басшысы

 Қазіргі таңда терро­ристік әрекеттерімен әлемді шулатып, лаңкестік пиғылдарында діни құн­дылықтарды пайдаланып жүрген, қазақи тілмен ай­тқанда «Қой терісін жа­мылған қасқыр» кейпінде­гі, әсіресе, Ислам дінінің атын жамылып қоғамды екіге бөлетін деструктивтік діни ұйымдардың мүшелері елімізде де кездесетіні ащы болса да рас.

Білетініміздей қандай да қоғам болмасын оның руха­ни тәрбиесінде діннің алар орны әрқашанда ерекше. Қазақ даласында әр отбасы ұл-қыздарын имандылыққа инабаттылыққа тәрбие­лейтін еді. Бірақ Кеңес үкіметі дәуірінде халықтың көпшілігі рухани байлықта­рынан алыстатылып, ате­истік түсінікпен тәрбиелен­ген болатын.

Дін мәселелерінің осал тұстарын ескерген кереғар ағымдар, дінге деген жа­нашырлығын алға тарту арқылы өздерінің көздеген саяси экономикалық мақсат­тарына жету үшін жас буын­ның діни сауатсыздығын қол­данып келуде.

Дін – әрдайым адамзат ба­ласын жақсылыққа, білім мен ғылымға жетектеп, бейбіт­шілік пен толеранттылықты насихаттайтын, көркем мі­незділікті үгіттейтін, жақсы әдептер мен этикалық нор­малар үстінде құрылғандығы баршамызға белгілі.

Бірақ тарихи деректерге жүгінер болсақ, уақыт өте келе діннің негізгі функци­ялары мен мақсаттары теріс бұрмаланып, келеңсіз оқиға­ларға жол беріп жүргендігі де айдай анық. Бұның үлгілері Ислам дінінде болғаны секіл­ді, Христиан, Иудаизм және т.б. дәстүрлі діндердің түрлі ағымдары мен секталарының іс-қимылдарынан көруге бо­лады.

Өңірімізде де осыған ұқ­сас діни теріс ағымдар мен топтар пайда болуда. Жас буынның санасын жалған діни түсінікпен улап, оларды дін атымен жамандық жаса­уға үгіттеуде. Нәтижесінде Ислам діні терроризмнің бұлағы және радикалдық экстремистік түсініктердің қайнар көзі ретінде пікір қалыптасуы­на жол ашуда. Бұданда со­рақысы бұл істерін растап, дәлелдеу үшін Құран Кәрім мен Хадис кітаптарында кездесетін джихад, шариғат, даруль ислам, даруль харб, ширк, шәһидттік мәртебесі, Алланын үкімі сияқты көптеген теологиялық түсін­дірмелер мен анықтамаларды қажет ететін терминдердің негізгі мағынасын бұрмалау арқылы діни сауатсыз жастар арасында өздерінің дұрыс жолда екенгідігін дәлелдеуде.

Терроризмнің шығу жо­лы мен құрамын зерттеуші ғалымдар мен социологтар­дың сөзіне сүйенер болсақ, террористік топ мүшелерінің «қол шоқпар» қы­зметшілері ауылдық меке­дерден, жұмыссыз, білімсіз, мамандығы жоқ және әлеу­меттік экономикалық тұрғы­дан толық қамтылмаған от­басының балалары болып табылуда.

Бұндай адамдардың шынайы өмірмен байла­нысы жеткіліксіз болған­дықтан, ішкі дүниесінде де болашақтан үмітін үзген, қоғамнан шеттетілген және өзіне жақын шеңберлер­ден (отбасы, тума-туысы, құрбы-құрдастары мен до­с-жарандарынан) қолдау көрмегендіктен өздерінің психологиясында еліне де­ген жатшылық қалыптасу­да. Олардың осындай әлсіз тұстарын пайдаланған экстремистік ұйымдардың мүшелері олар­дың біреуіне аға болып, ал біреуіне жанашыр көрініп, радикалдық бағыттағы көзқарастарының тұқымда­рын сеуіп, идеологиялық тұрғыдан ауытқытып, бола­шақ жастарымыздың сана-сезімін улауда.

Сондай-ақ, деструктивтік діни ағымдардың түсінігі бойынша дінге аянбай қы­змет ету әрбір діндардың басты міндеті болып сана­лады. Ал сол дінге қызмет етудің ең бастысы және сау­абы мол амалы – жиһад деп сенуде. Ол жиһадты жүзеге асыру үшін өздерінің көзқа­растарымен келіспеген әрбір қоғам мен кез-келген мемле­кеттік құрылым жеткілікті болуда.

Сондықтан, терро­ризмді тоқтатып және оған тосқауыл қою үшін, ең ал­дымен діни терроризмнің негізін қалаушысы болған экстремистік діни идеология­ны құлатуымыз қажет. Сонда ғана жастардың деструктивті діни ұйымдардың экстре­мистік әрекеттерін тоқтату мүмкін болар ма еді.

Ал енді дәл қазіргі жағдайда жастарымыздың діни теріс ағымдардын шыр­мауында жүріп, алданулары­ның бірден бір себебі діни сауатсыздық пен жастардың қоғамда бос қалып өмір сүру шарттарының толыққанды қамтамсыз етілмеуі. Осы тұрғыдан алар болсақ, бұның шешу жолы екі:

Біріншісі Ислам дінін дұрыс түсіну. Яғни келе­шек ұрпақтың діни сауатын жеткілікті дәрежеде арт­тырып, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын насихаттап, Орта Азиядағы бауырлары­мыз секілді Исламның сүн­низм бағытын, оның ішінде төрт мәзһабтың бірі және бірегейі Имам Ағзам Әбу Ханифа негізін салған мек­теппен жүретіндігімізді, бар­лық мәзһаб жақсы, ал біздің мәзһабымыз – абзалырақ әрі ол қазақ халқының әдет-ғұр­пына, салт-дәстүріне ыңғай­ланып жасалғандығын, сон­дай-ақ, бір мәзһабты ұстану – мұсылмандардың ынтымақ пен бірлікте болуының кепілі екендігін үгіттеу қажет.

Екіншісі болса, жастар арасында қалыптасқан «жұ­мыс жоқ», «ағасы бардың жағасы бар» немесе «талант бар – таныс жоқ» және тағы сол секілді ұғымдардан бо­лашақ жастарымыз аулақ болуы үшін барлық жастар жұмыспен қамтылуы керек. Жалпы осы екі әдіс арқылы жастар арасындағы діни экс­тремизмнің қалыптасудағы жолдарының алдын алуға болады.

Енді осы екі мәселені жүзеге асыру үшін алдымен отбасы, мектеп және білім ордалары, ғалымдар, мешіт имамдары, БАҚ, мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдардың да атсалысып, қоян қолтық қызмет етулері аса қажет.

Жоғарыда айтылған мәсе­леге жеке-жеке тоқталар бол­сақ, алдымен Ислам дінін дұрыс түсіну, діни мазмұн­ды кітаптарда кездесетін діни терминдердің мағына­сы мен мән-жайын анықтап түсіндіру жұмысын жүргізі ең маңызды бастама. Өйткені лаңкестік әрекет­тердің қоғамда орын алуын­дағы бірінші фактор Ислам дінін дұрыс түсінбеуінен туындаған діни сауатсыздық. Соқыр сенімділіктің салда­рынан Ислам дінінің маңы­зды қағидаларын білмеуде немесе ескермеуде.

Өйткені Ислам шариғаты бойынша Ислам дінінің заң­дылықтарын (ережелерін) құрайтын ең маңызды және негізгі қағидалардың пай­да болуына ерекше ықпал ететін бес шарт бар. Олар:

– адамның жаны мен тәнін қорғау (мұсылман, христиан немесе басқада діннің өкіл­дері болсын);

– сенген дінін қорғау; (Ислам, Христиан, Иудаизм және т.б)

– ақыл есін қорғау (пси­хологиялық, идеологиялық тұрғыдағы қауіптен сақтау)

– мал-мүлкін қорғау;

– оның ұрпағын қорғау.

Осы жоғарыда аталған бес негіз Ислам дінінің қағидасы бойынша ең алғаш қорғалуы қажет болған маңызды мәсе­лелер. Бұларға ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ екендігі туралы қасиетті Құран Кәрім мен Хадис кітаптарында дәлелденген.

Өкінішке орай, кейбір діни сауаты төмен тіпті мүл­дем діни сауаты жоқ діни теріс ағым мүшелері осы қағидаларды тек қана «мұ­сылмандар» үшін қажетсініп басқа дін өкілдерінің немесе кәпір санаған адамдардың мал-мүлкі мен жан-тәнін өздеріне «халал» санап, реті келсе өлім құштырып, шынайы мұсылманшылыққа жат әрекеттерге барып көз жастарын төгуде.

Қорытындылап айтқанда өмір – тек қана идеологиядан, діннен, мазһаптан, партия­дан немесе ұлттардан құрал­мағандығын, сонымен қатар, өмірдің де басқа жақтарымен де алар орны болғандығын жастарға жеткізіп, түсіндіру олда бір қателіктердің алдын алу болып есептеледі.

Адамның идеологиясы, өмірге деген көзқарасы, пар­тиясы, саяси пікірі тіпті діни ұстанымы де өзгеруі мүмкін. Бірақ өмірде басты мәсе­ле, Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеде, Кетігін тапта бар қалан» яғни қоғамда өзіңнің орныңды таба білу сондай-ақ, «Біріңді қазақ, біріңді дос, көрме­сең істің бәрі бос» демекші қоғаммен тату-тәтті өмір сүре білу жолдарын көрсе­ту білу. Ал бұл болса зиялы қауым өкілдерінің және ал­дыңғы ағабуын ағалардың еншісінде болса керек.

 

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close