Жаңалықтар

Экстремистік ұйымдардың уағыздарын таратудың заң алдындағы жауапкершілігі қандай?

Бұл мәселе Мақат аудандық мұсылмандар мешітінде Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев пен бөлім басшысы Қ.Мұсаев, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев және Мақат мұсылмандар мешітінің бас имамы Д.Құттыбаевтың қатысуымен өткен жиында талқыланды.

Онда ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының талаптары, сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453 және 490-бабының жауапкершілігі жөнінде құқықтық түсіндірме берілді.

Осыған орай, экстремистік ұйымдар болып танылған «Хизбут Тахрир», «Ат Такфир уәль Хижра» және «Таблиғи жамағаттарға» қатысты дінаралық алауыздық тудыратын ақпараттық материалдар, аудио және бейне өнімдерді, діни кітаптарды, уағыздарды әлеуметтік желілерде, интернет ресурстарында тарату, бөлісу заңға қайшы келетінін, әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғатынын ескертті. Осы бағыттағы жұмыстар 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап жүргізіліп келеді.

Дүрбі

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close