Жаңалықтар

Иманды ұрпақ – ұлт болашағы


Осындай тақырыппен Махамбет ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес аудандық балық қорын қорғау бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесу өтті.

Жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары және АТТ мүшесі С.Шотпақов қатынасты.

Тақырып аясында сөз сөйлеген АТТ мүшесі С.Шотпақов: «Халқымыздың имандылыққа негізделген отбасылық тәрбиесі жастарды ұлттық құндылықтарды қастер тұтатын, Отанын, елін жанындай сүйетін жоғары адамгершілікке ұмтылдырып отырған. Демек, бәрі отбасындағы тәрбиеден басталады. Имандылықты адамгершілік қасиеттер әспеттелетін рухани құндылықтардың жиынтығы деуге болады. Ол санамызға берік орныққан соң барлық іс-әрекеттерімізді ізгілік, кісілік бағытқа қарай реттеп отырады. Имандылық әкеден балаға, аға буыннан жас ұрпаққа тәрбие арқылы дариды. Халқымыздың «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейтін даналық сөзінен отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы айқын аңғарылады»-дей келе, имандылық тәрбиесін ұрпақтар сабақтастығынан, отбасылық, ұлттық тәрбиеден бөліп алуға болмайтындығын жеткізді.

Кездесу барысында орталық мамандары ұлт болашағына қауіп төндіретін, дәстүрлі дінімізге қайшы келетін ағымдардың шығу тарихы мен олардан жастарды қалай сақтандыру қажеттігі және оларды қалай ажырату керектігі жөнінде ақпарат берді. Жиын соңында қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close