Жаңалықтар

Мобильдік топ аудандарды аралады (СУРЕТ)

Атырау облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев бастаған профилактикалық және оңалту жұмыстарын жүргізетін мобильдік топ 22-26 қаңтар күндері аралығында Атырау облысының  Жылой, Қызылқоға аудандарында іссапарда болды.

Іссапар аясында басқарма басшысы Жылой және Қызылқоға аудандарында облыс әкімі Н.Ноғаевтың қатысуымен өткен көшпелі  мәжілістерге қатысты.

Облыс аудандары тұрғындарын  ағартушылық- оңалту бағытында құрылған мобилдік топ құрамында Атырау облыстық дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының басшысы Мейірбек Құбышев, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ теологтары Сұлтангелді Сариев, Амангелді Оразов, Малика Рустамқызы, Қатеп Миланбек болды.

Іссапар Құлсары қаласында  Жылой мұнай-газ колледжі студентерімен кездесумен басталды. Жиынға Атырау облыстық дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының басшысы Мейірбек Құбышев төрағалық етті. Теологтар С.Сариев, А.Оразов жастарға бүгінгі қоғамдағы діни ахуал, діни теріс ағымдардың  белгілері мен зардаптары туралы ақпараттар беріп, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Бұдан соң Жылой аудандық мұсылмандар мешітінде Құтпан намазы алдында жамағатпен болған кездесуде теолог С.Сариев уағыз-насихат жұмысын  жүргізді.

Аталмыш мешітте  мамандар дәстүрлі емес діни ағымдардың көшбасшылары және мүшелерімен жеке тұлғалық оңалту жұмыстарын  іске асырды.

Тап осындай кездесулер Қызылқоға ауданында, Көздіқара ауылдық округі  тұрғындарымен оздырылды. Облыстан барған мамандар «Бәйтерек» мешітінде жергілікті жамағатпен кездесті. Діни теріс ағым мүшелерімен жеке сұқбаттар жүргізді.

Малика Рустамқызы мен Қатеп Миланбек Жылой және Қызылқоға ауданындағы әйел жамағатымен жүздесіп, профилактикалық шаралар өткізді.

Екі аудан тұрғындарымен және мешіттер жамағаттарымен өткен кездесулерде Атырау облыстық дін істері басқармасы басшысы Қ.Көшқалиев бастаған мамандар уағыз- насихат жұмыстарын жүргізіп, халықты бүгінгі таңдағы діни ахуалдан хабардар етті. Дәстүрлі емес діни теріс ағым мүшелерімен оңалту жұмысына баса назар аударды.

Қайролла Дүйсешұлы  тұрғындарға «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңының талаптарын түсіндірді. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453 және 490 бабының  жауапкершілігіне ерекше тоқталды. Қазақстан Республикасының соттарымен экстремистік ұйымдар деп танылып, жұмысына тиым салынған «Хизбут Тахрир», «Ат Такфир уәль Хижра» және «Таблиғи жамағат» ұйымдарына қатысты дінаралық алауыздық тудыратын материалдарын , аудио- бейне өнімдерін, діни кітаптарын, уағыздарын әлеуметтік желілерде, интернетте тарату, бөлісу заңға қайшы екенін айтып, егер осындай заң бұзушылық орын алған жағдайда таратушы тұлға әкімшілік жазаға тартылып, 40 000-250 000 теңгеге дейін айыппұл салынатынын  түсіндірді.

Облыс тұрғындарымен  болған  мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Бейбіт СЕКСЕНҰЛЫ,

«Дүрбі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close