Басты тақырыпЖаңалықтар

Атыраулық 25 студент теріс діни бағытта білім алып жүр

-Қазіргі уақытта ресми тіркелмеген оқу орындарында әлі де 25 студент білім алуда. Оның ішінде, Мысырда – 15, Сауд Арабиясында – 9, Йеменде – біреу,-дейді  Атырау облысы Дін істері басқармасының әкімшілік ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қаһарман Мусаев.

«Мұндай оқу орындарында білім алып жатқан және оқу орнын бітіріп келген атыраулық азаматтармен профилактикалық-анықтамалық,  ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында орталық мамандары 10 студенттің ата-анасымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді» дейді Атырау облысы Дін істері басқармасының әкімшілік ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қаһарман Мусаев.

Сонымен қатар, былтыр діни қызмет саласына қатысты 46 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Айта кетейік, Атырау облысы бойынша 30 исламдық, 3 православтық, 2 католиктік, 1 кришнаизм және 7 протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер тіркелген, барлығы 43 діни бірлестік бар.

 

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close