Мақалалар
Бала тәрбиесіндегі байқалмайтын қателік
Қазіргі таңда бала тәрбиесінде қолданып жүрген көптеген тәсіл мен тәлімдерімізбен өзіміз ержеткенбіз. Ал ол тәсілдердің нәтижесі бола ма, жоқ па оған аса мән бермеудеміз. Ұлттың ұланын, үмметтің шырағын ұстайтын ұрпақ тәрбиелеп отырғанымызға толық сенімді болу үшін өзімізді тәрбиелеп, өзімізге сырт көзбен қарап, болашақ ұрпақ үшін бар күшімді қалай салып жатырмын деген сұрақтарға жауап беруіміз керек.
Егер нәтижесіз тәлім мен тәсілдерді қолданудан шаршаған болсаңыз, осы мақаламызда бала тәрбиесіндегі байқалмай жатқан қателіктерімізді түзеуге жәрдем болатын кеңестермен таныстырамыз.
Кез келген ата-атаның бала тәрбиелеудегі кең етек алған стратегияның бірі десек болады. Бұл тәсіл 80- жылдан қалған «тиым салудың» орнын алмастыру мақсатында ортаға шыққан. Бұл стратегия бойынша баланың жасаған кез келген ісін құптау керек. Мәселен: «Жарайсың!», «керемет жасадың», «не деген мықтысың» деген сөздер қазіргі таңда әрбір ата-ананың болсын-болмасын айта салуына әдет болып кеткен.
Баланы жиі мақтаса оны жігерлендіреді, талпынуына жәрдемдеседі деп ойлайтын болсақ, онда қателескеніміз.
Егер бала мақтау сөзді жиі ести беретін болса, мақтау сөздің қадірі кетеді. Сонымен қатар, егер бала бір күні «жақсы бала» немесе «жақсы қыз» деген сөзден жалыққан кезде кейбір нәрселерді дұрыс әрі жақсы жасауды да қаламайтын болады.
Бала тәрбиесіндегі бұл тәсілдің тағы бір кемшін тұсы – бала өзінің келбетін тани алмайды. Сондай- ақ, егер ата-ана үнемі баласын мақтай берсе тәкаппар әрі менмен болып өсуі ықтимал.
Баланы асыра мақтаудың бір зияны – ержете келе өзінің шынайы келбеті қоғамға сай келмесе, баланың көзқарасы айналасындағылардан өзгеше болса психологиялық тұрғыда ауыр соққы болуы мүмкін. Адамның өзіне сенімді болғаны жақсы, бірақ шектен шыққан сенімділік баланың өз қалпын көрсетуіне кедергі болады. Өзіне шектен тыс сенімді болып өскен бала өзін өзгелерден артық санайтын түсінікпен ер жетеді. Тәкаппарлық пен менмендік – бала тәрбиесіндегі аулақ болуымыз керек басты дұшпан.
Осы жерде Құрандағы Лұқманның баласына берген кеңесі ауадай қажет:
Жағымды пікір айтуды әдетке айналдырыңыз. Мақтау сөз – баланың тұлға болып қалыптасуына әсерін тигізеді, ал жағымды пікір айту баланың әрекетіне өзгеше әсер ететін тәсіл болып табылады. «Дұрыс жасадың» деген сөз балаға сол дұрыстықты тағы да қайталатуға ықпал етеді.
Жағымды пікірді екі түрлі жолмен айтуға болады. Біріншісі – баланың талпынысына қарай айтылады. Бұл жерде нәтиже емес, баланың еңбегі бағалану керек. Бұл тәсіл балаңызды мінсіз нәтижеге қол жеткізуге не болмаса тапсырманы жылдам орындап тастауға асығу секілді қателікке ұрындырмай, керісінше жұмысты тыңғылықты, ықыласпен жасауға көмектеседі. «Сен барынша тырыстың», «бар күшіңді салдың», «бұл сенің ең жақсы талпынысың» деген сөздерді қолдануға болады.
Екінші тәсіл – баланың қабілетін баса айту. Балаңыздың қандай қабілеті ұнайды? Бұл жерде ата-анаға туралық қажет. «Бұл математикалық есепті қалай шығару керектігін түсініп алдың», «ойыншық жинап маған көмектестің», «қарындасыңмен ойнаған кезде өте қамқорсың» және тағы басқа.
Қалаған затына қол жеткізу үшін немесе қалағынан істету үшін бар болғаны жыласа болды, ата-анасы баласына сұрағанын беруге дайын тұрады. Бұл «бере сал, жыламасын» деген модель. Бұл стратегияны әдеттегідей ата-аналар көпшілік орында баланы тыныштандыру үшін қолданады. Дүкенде қиғылық салып, жылап тұрған баланы көндіру оңайға соқпасы анық.
Ата-ананың бұл тәсілді қолдануға итермелейтін өзге бір себеп – баласын еркелеткенді жақсы көру. Ондай ата-аналар балаға деген махаббат- кез келген еркелігін көтеруде деп санайды. Майда-шүйде нәрсе үшін балаға тиым салуды әділетсіздікпен тең көреді.
Аталған екі жағдайда да бала өз мәртебесін ата-анасын басқару үшін қолданады. Ондай бала өзімшіл, жанашыр емес әрі айналасын емес өзін ғана ойлайтын болып өседі. Ал уайымсыз адамда жомарттық деген қасиет жоқ болары сөзсіз. Ал жомартық болса мұсылман баласының ең жақсы қасиетінен. Әбу Һурайрадан жеткен хадисте:
«Жомарт адам Аллаға, адамдарға және жәннатқа жақын, тозақтан алыс»,- делінген.
Жастайынын қалауы орындалып өскен бала өмірен де қалауының орындалуын күтетін болады. Егер қалауы орындалмай қалса, өмірге деген ашу мен кек орын алады.
«Жоқ» деп айтып үйреніңіз әрі мұның дұрыс екенін түсініңіз. Шешіміңізге берік әрі қайталанып отыруына мән беріңіз. Егер балаңыз сөзіңізден тайғаныңызды байқар болса, келесі жолы көндіру қиынға соғары анық.
Сонымен бірге, «жоқ» сөзін қай кезде қолдану керектігін білуіңіз қажет. Егер үнемі «жоқ» дей беретін болсаңыз, балаңыздың көңілі қалуы мүмкін. Баланың дамуына, өсуіне маңызды дүниелерге рұқсат беруді ұмытпаңыз. Баланың өзімшілдігіне, дүниеқорлығына тиым салып, «жоқ» деуге әбден болады.
Баланы жанашырлыққа баулыңыз. Өзге адамдардың да қалаулары бар екенін сабырлықпен, үнемі баланың есіне салып отырыңыз. Өзгелердің сезімін, ойын түсінуді үйретіңіз. Алла Елшісі ﷺ:
Балаға: «Сенде де сондай зат болмағаны үшін ренжіп қалдың ба», «қалағаныңды алып бере алмағаныма көңілім түсіп кетті», «бірнәрсе бермей қойған үшін ренжуге болады, ал айқай салған жақсы емес» деген сөздерді қолдануға болады.
Баланы айналадағы адамдардың көңіл-күйіне мән беруге үйретіңіз, мысалы: «мұңайып отыр», «ол сені көріп қуанып кетті», мына мысық қорқып тұр» деген секілді тәсілдер көп. Сонда ғана бала айналасындағы жандардың да қалауы мен сезімі бар екендігін түсінеді.
muftyat.kz