Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаев ант берді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. Заңға сәйкес, Республика Президентi Қасымжомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып тұрып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», – деп халыққа ант берді.

Қазақстан Президенті ант берген сәттен бастап ресми қызметіне кіріседі. Президент анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтты. Ант беру салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалды. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қасымжомарт Тоқаев «Алтын жұлдыз» ордені мен «Халық қаһарманы» атағы айрықша ерекшелік белгілерін табыстады.

Қазақстан Президентінің ант беру рәсімі тұңғыш рет Парламентте өтіп жатыр.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close