Жаңалықтар

«Екпеге діни тұрғыдан ешқандай да тосқауыл жоқ»

Бұл жайлы Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында «Шапағат» ҚҚ ұйымдастыруымен «Туберкулезбен күрес және алдын алу» тақырыбындағы кездесуде теолог айтты. 

Кездесуге орталық қызметкерлерінен бөлек Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің мониторинг және бағалау тобының жетекшісі Серік Мустафаев, денсаулық сақтау департамент орталығының маманы Айсұлу Досқалиева, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Мұхиддин Омаров, №4 шипажайлы мектеп интернатының директоры Гүлжан Сабырова, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің санитар дәрігері Айнұр Меңдіғалиева қатысты.

Кездесу барысында қазіргі таңдағы Атырау облысындағы туберкулезбен ауырып жатқан отбасылармен алдағы уақытта қандай іс-шаралар жүргізу жайлы, вакцинадан (екпеден) бас тартудың салдары бойынша да сөз қозғалды.

«Шапағат» қоғамдық қорының теологы Мұхиддин Омаров кездесу барысында қазіргі таңдағы екпе мәселесі жайлы діни тұрғыдан ешқандай да тосқауыл жоқ екендігін жеткізіп айтты. Жиын соңында кездесу сұрақ-жауап төңірегінде ұласты.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close