Басты тақырыпЖаңалықтар

«Сирияда әділетсіздікті көп көрдім» (ВИДЕО)

«Жусан» операциясымен Сириядан елге оралғандар мешіт жамағаты алдында Шам елінде басынан кешкендерін әңгімелеп беруде. Олар жат ағымның жетегінде діни сауатсыздығы салдарынан кеткендерін, Сирияда ешқандай халифат болмағанын, керісінше исламға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қанды қырғынға, адам құқығын таптаған қатігездіктерге тап келгенін айтып, жастарды адасудан сақтандыруда. Қала тұрғындарын жат ағымнан сақтау мақсатындағы осындай шара Тәжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінде өтті.

Оралдық Динара Ескендірова 2014 жылы қыркүйек айында Ресей-Түркия әуежолы арқылы Сирияға жалғыз өзі кеткен.

23 жастағы қыз Ыстамбұл қаласында төрт күн болып, интернет арқылы танысқан ДАИШ-тың құрамында соғысып жүрген кавказдық жігітке тұрмысқа шығып, Сирияға  жетеді. Төрт ай ғана жұптасқан күйеуі қайтыс болған соң екінші рет тұрмысқа шығуға мәжбүр болған келіншек елге екі баламен оралды. Мұсылман елінде шариғатпен өмір сүремін деп, діни білімсіздігі салдарынан адасқан Динара от пен оқтың ортасындағы өмірі туралы не дейді?

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close