Жаңалықтар

Рухани құндылықтарды жаңғырту – радикалды идеологияның алдын-алу құралы

Осындай тақырыппен Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, Атырау қаласындағы №40 мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

Аталған шараға ауған соғысының ардагері, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Шакиров Толыбай, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» бөлім басшысы Құбайдоллаев Қалыбек, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының тарихшы маманы Абзалов Ернар және «Жусан» операциясымен Сириядан елімізге оралған отбасы мүшесі Еркінбай Перизат қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ернар Абзалұлының айтуынша ұрпақ тәрбиелеу тікелей ата-ана мен ұстаздар міндеті. Бүгінде жан-жақты білім аламын деген жастарға мемлекет барынша жағдай жасап отыр. Кез-келген ата-ана өз баласының болашақта білікті маман, ұрпақ жалғастырар азамат пен азаматша болғанын қалайды. Алайда, ата-анасының үмітін ақтамай теріс жолға түсіп кететін бойжеткендер мен боз балалар қаншама. Дінді ұстанамын деп, адасып, тіпті шетел асып кетіп жатқандар қаншама. Біздің мақсатымыз мектеп оқушыларының жат ағымның жетегіне еріп кетпеуі үшін оларға дұрыс ақпарат айтып, көкейдегі сауалдарына тұщымды жауабымызды беру, – деді. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп жатудың өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close