Басты тақырыпБейнебаян

Абайдың өлеңін оқу челленджін Атырау облысының бас имамы мен дін істері басқармасының басшысы жалғастырды

Қазақ халқының кемеңгері Абай Құнанбаев ақын ғана емес, Ислам дінін терең түсінген, өзінің бұл бағыттағы өлеңдері арқылы адамзаттың алтын қорына үлесін қосқан ғұлама. Халқының рухани өсуін армандап өткен ақын өз еңбектерінде Ислам этикасы, ақидасы және метафизикасы сияқты терең мәселелерді зерделеп, Алла тағаланы тануға терең де жан-жақты тоқталады.

Жуырда Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай хәкімнің өлеңдерін оқу эстафетасы басталды. «Абай – қазақ дін дүниетанымының да алтын діңгегі» деп эстафетаны ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы жалғастырды.

Өлең оқу эстафетасын Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұровтан қабыл алып, ары қарай жалғастыруды Қарағанды облысы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Бекеновке, Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерлан Есбергеновке, теолог Асқар Сабдин Асқарға жолдады.

durbi.kz

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close