Жаңалықтар
Сириядан оралған келіншек ұлына Президенттің есімін қойды
«Жусан» операциясымен елге оралған отандастарымыз оңалту орталықтарындағы теолог, психолог мамандардың кең көлемді жұмыс жасауының нәтижесінде зайырлы қоғамымыздың қағидаларына, еліміздің заңдарына мойынсұнып, отбасы, ортасына оралды.
Сириядағы қақтығыс аймағынан оралған Балжан Абдрахманованың біз бұған дейін жүрекжарды хатын газетіміз бен сайтымызда жариялаған болатынбыз (хатты оқу: «Опомнившись, я вернулась в степь»). Ол хатында жақында өмірге келетін ұлына оған бейбіт аспан астына оралуға мүмкіндік берген Президенттің құрметіне Қасым-Жомарт есімін қоятынын жазған еді.
Балжан аман-есен шекесі торсықтай ұлды өмірге әкеліп, дүние есігін ашқан бұл үшінші баласының есімін Қасым-Жомарт қойды. Бүгін үлкен қуанышпен перзентханадан шыққан ананы «Шапағат» орталығы қызметкерлері құттықтай барды. Балжан орталық қызметкерлерінің қолдауы мен құрметіне ризашылығын білдірді.
durbi.kz