Жаңалықтар

«Орал» медресесі шәкірттер қабылдады

Батыс Қазақстан облысындағы ҚМДБ-ның қарасты «Орал» медресесіне 2019-2020 оқу жылына жаңадан шәкірт қабылдау емтиханы болды. Аталмыш медресеге оқуға түсуге биылғы жылы барлығы 24 талапкер өтініш беріп, құжаттарын тапсырған. Олардың 20-і Батыс Қазақстан облысынан, 3-і Атырау облысынан, 1-і Ақтөбе облысынан.

Емтихан қабылдауға  ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, облыстық орталық мешітінің бас имамы, «Орал» медресесінің директоры Мұратбек қажы Қыстаубаев, аталмыш медресесінің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары Бахрам Рахманов, рухани орталықтың ұстаздары Мақсат Боранбек пен Асылбек Наурызов қатысты.

Алдымен діни білім ордасының басшысы Мұратбек қажы Мұхтарханұлы сөз алып, арнайы Астана қаласынан келген ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиевті таныстырып, сөз тізгінің ұсынды.

Бейбіт Әліпбекұлы: «Ақжайық өңірінде абыройлы қызмет жүрген Орал орталық мешітінің ұстазы Ринад Акимов, Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов, наиб имам Наурыз Убаев «Астана» медресесінің түлектері, міне сол шәкірттер имандылық жолында үлкен жетістіктерге жетіп, шәкірттерге білім беріп, жамағат алдында өте сыйлы. Сол шәкірттермен бізде мақтанамыз. Сіздерде осындай имам, азамат болуларыңызға тілекшімін»,-деп жүрекжарды тілегін білдірді.

Келген қабылдау комиссиясы үміткерлерді тест жүйесі бойынша Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәндерінен тапсырса, ал арнайы пәндерден үміткерлер арасына сұхбат емтиханнан  өткізді. Емтихан нәтижесі бойынша жиырма төрт үміткерлер медресеге оқуға қабылданды.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close