Жаңалықтар

Мектеп оқушыларына ұлттық құндылықтар дәріптелуде

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының Атырау қаласындағы М.Әуезов атындағы №7 орта мектептің оқушыларына «Дін саласындағы тұжырымдаманың негізгі бағыттары» атты кездесу өткізді.

Кездесуге білім саласының ардагері Темірбек Марданов, теолог Сұлтан Сариев, орталық маманы Айнұр Тергеусізова қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Білім саласының ардагері Темірбек Марданов кездесуге келген қонақтармен таныстырып, тақырып аясында қозғалатын мәселе болашақ жастардың рухани тәлім-тәрбиесі басты орын алатынын атап өтті. Рухани дүниемізде ата-бабамыздан келе жатқан құндылықтарымызды дәріптеп, қадірлеуге, салт-дәстүрді ұмытпайтын жастар тәрбиелеу керектігін жеткізді.

Сұлтан Сариев: «Ислам діні үшін білімділік, сауаттылық басты орында тұруы қажет. Өйткені сауаттылық пен білімділік жастардың ойын улаудан, жат ағамдардан аулақ болудан сақтайды. Абай, Шәкәрім, Мәшhүр Жүсіп, Қожа Ахмет Яссауидың қалдырған тамаша туындылары жастарымыздың жан дүниесінің көркем дамуына, ислам діні мұсылмандарының жаңалыққа жақын болуына, мейірімділікке, кешірімділікке, басқаларға қамқор болуға үйретеді» дей келе, Ислам дінің атын жамылып жастарды теріс бағытқа тәрбиелеп жүргендерің кескін-келбетін, негізгі идеяларын түсіндіріп, жастарды дәстүрімізді мойындайтын шын мұсылман болуға шақырды.

Сирия аумағынан елімізге оралған отбасы мүшесі А.Тергеусізова өз тарапынан теріс жолдың арбауына түсу қауіптілігі мен бағыттарын ара жігін ашып, өз басынан өткен қиын тағдырымен бөлісті. Әр айтылған сөзін мұқияттылықпен тыңдаған оқушылар сауалдарын қойып, ашық сұхбат жүргізді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close