Жаңалықтар
Уаһһабит көлігімен адам қағып өлтірді
Оқиға Орал қаласында дүйсенбі кешкісін болған. 14 қазан күні сағат 21:55-те Орал-Өскен тас жолында мемлекеттік нөмірі 684HUA07 Мercedes көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Еш жерде жұмыс жасамайтын, Деркөл ауылындағы ПДП-2 тұрғыны, 1982 жылғы Е.Ғ. жаяу жүргіншіні басып кетті. Зардап шегуші 1990 жылғы Деркөл ауылының тұрғыны Азамат Дәулетқалиев «Жедел жәрдем» келгенше оқиға орнында қайтыс болды.
![](http://durbi.kz/wp-content/uploads/2019/10/shgglnokepvyaorshlzofyvapgod-550x367.jpg)
Оқиға орнына барған Жергілікті полиция басқармасын Жол полициясы орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша материал жинау үстінде. Тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бір адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасын жасаған Е.Ғ. деструктивті діни ағымдағы уаһһабит болып шықты.
«Дүрбі»