Жаңалықтар

Атырау облысында діни экстремизмге қарсы флешмоб өтті

Атырау облыстың Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен Индер ауданының Есбол ауылындағы Ж.Жабаев атындағы орта мектептің 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен флешмоб акциясы өтті.

Облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын-алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау мақсатындағы шараны Ақпараттық-талдау орталығының маманы Д.Байбақты жүргізіп, акцияның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, жастарды дәстүрлі емес діни ағымдардан аулақ болуға шақырды.

Шара одан әрі флешмоб биімен жалғасты. Акция соңында флешмобқа қатысушы жастарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылып, бейбіт елдің жастарын еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close