Жаңалықтар

«Шапағат» қоры мешіт пен полиция қызметкерлеріне, еріктілерге ыстық тамақ таратты (СУРЕТ)

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек» орталығы қоғамдық қоры Құрбан айт кезінде Атырау қалалық «Тума» және «Адал мал» базарындағы полиция қызметкерлері мен сол жерде қызмет етіп жүрген еріктілер мен мешіт қызметкерлеріне арнайы ыстық тамақ таратып, қайырымды іс атқарды.
-Қазіргі қиын-қыстау кезеңде үлкен қолдауды қажет ететін жандардың бірі- полиция қызметкерлері. Біз оларды қолдау мақсатында тегін түскі ас жеткізу жүйесін ұйымдастырдық. Себебі, қазір оларға түсетін жүктеме көп. Тәулік бойы жұмыс істеген құзырлы орган қызметкерлері не де болса оңайға соқпасы анық. Олар күш жинап, ауқаттануы үшін нәрлі тағамдарды жеткізуді қолға алдық, – деді теолог-исламтанушы Ш.Темірқұлұлы.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close