Жаңалықтар

Жаңа жыл – жаңа үміт пен жаңа бастаманың, жаңашылдықтың кілті

Құрметті атыраулықтар және қала қонақтары!

Өткен жылдар ел есінде оңды жаңалықтар мен ел үшін атқарылған игі істердің бастамасына жол ашты. Халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігі үшін атқарылған жұмыстар да аз емес.

Жыл басынан бері жоспарланған  жұмыстардың барлығы жүзеге асты. Әсіресе, осы жылы ҚР Тұңғыш Президентінің бастамасымен «Жусан» операциясы арқылы қақтығыс аймағынан елге оралған  отандастарымызбен  атқарылған  жұмыстарды ерекше атап өтуге болады.

Сонымен қатар, діни тұрақтылықты сақтауда және тұрғындар арасында діни сауаттылықты арттыру  мақсатында жоспарланған жұмыстардың легі толығымен жүзеге асып, оң нәтижесін көрсетті.

Біз Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, мемлекетіміздің ғұмырлы болуын қалаймыз. Сол үшін алда келе жатқан жылдан үлкен үміт пен жақсылық күтеміз.

Жаңа жыл – бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін айырықша мереке.

«Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп» дейді халқымыз. Жаңа жыл жаңа үміт пен жаңа бастаманың, жаңашылдықтың кілті.

Жаңа 2020 жыл барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаттыққа толы ұзақ ғұмыр тілеймін!

К.Көшқалиев

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы 

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close