Жаңалықтар

Ақпараттық-түсіндіру тобы Мақат ауданында

Атырау облысының Мақат ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері семинар өткізді. Аталған семинарға мемлекеттік қызметкерлер мен «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының  теологы С.Сариев, Ш.Темірқұлұлы және «Жусан» операциясымен келген отбасы мүшесі П.Еркінбай қатысты.

Жиын барысында «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы С.Сариев  құзырлы органдардың «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің кейбір баптарына немқұрайлы қарауынан жеке тұлғаға белгілі мөлшерде айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатындығын айтты.

Олардың қатарында 127-бап бойынша кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау, 409-бапта Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу,  458-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану және орындау тәртібін бұзу, 669-бапта сот үкімімен, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық  құжатты орындамау бар.

Сондай-ақ,  деструктивті діни ағымдардың  құрамына тарту жолдары, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар, оларды ажырату жолдары туралы мағлұмат беріп, елімізде болған бірнеше лаңкестік әрекеттердің кері әсерлерін мысалмен түсіндіріп өтті.

Жастайынан жалған діни ағымдардың құрбаны болған П.Еркінбай Сириядағы бастан кешкен қиын тағдырын айта отырып, жастық шақтың қанша уақытын жоғалтқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар студенттерге соқыр сенімнің жетегінде кетпей, ата-ананың, бауырлардың, отанның, білім алудың, уақыттың қадірін түсіну керектігін жеткізді.

Аталған іс-шаралар Доссор кентінде де жалғасын тапты.

А.ТАУМҰРЫНОВА

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close