Жаңалықтар
Дінтанушылар балалар үйінде кездесу өткізді
Атырау қаласындағы «Шаңырақ» балалар үйінде жоғары сынып оқушыларымен «Қасиетті дін мен қасіретті діннің айырмашылығы» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек» орталығы қоғамдық қорының теологы Шүкіріддін Темірқұлұлы және «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек» орталығы қоғамдық қорының тарихшы, дінтанушы Ернар Абзалов қатысты.
Тарихшы, дінтанушы Ернар Абзалов деструктивтік діни ағымдардың сан ғасырлар бойына қалыптасқан қазақ халқының діни ұстанымына мүлдем сәйкес келмейтін тұстарын және еліміздің біртұтастығы мен бірлігіне теріс ықпалын түсіндірді.
Теолог Шүкіріддін Темірқұлұлы теріс діни ағымдардың сыртқы сипаттары мен қате діни түсініктерін толық түсіндіріп, өздерінің идеологияларына қалай тартатындығын және одан сақтанудың жолдары қандай екендігін де түсіндірді.
Кездесу соңында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.