Жаңалықтар

Қазақ дәстүрінің Ислам құндылықтарымен ұштастығы талқыланды

Атырау қаласындағы С.Мұқанов атындағы №10 орта мектеп оқушыларына «Ислам құндылықтарымен қазақ дәстүрінің ұштастығы» атты кездесу өткізілді. Шара Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.


Аталған шараға білім саласының ардагері, облыстық АТТ мүшесі, Марданов Темірбек, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» бөлім басшысы Даурен Мұхамбеталиев, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Темірқұлұлы Шүкіриддин қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Теолог маман Ш.Темірқұлұлы дін мен дүние түсінігін, білім алудың маңыздылығын, қазақ халқындағы дін түсіну ерекшелігін, салт-дәстүр мен дін мәселелерінің ұштасу қасиеттерін, жер мен елді жақсы көрудің басымдылығын ашып көрсетті. Сондай-ақ, маман өз кезегінде дәстүрлі емес діни бағыттарға да шолу жасап, олардың қауіптілігі мен болмысының зияндарында назардан тыс қалдырмады.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close