Көкейкесті

Атырау облысының бас имамы жамағатқа алғыс айтып, дұғада болуға үндеді (+ВИДЕО)

Әлемді дүрліктіріп жатқан коронавирус дертінің тез тарап кету қаупінен сақтану мақсатында бұған дейін мүфтиятқа қарасты Ғұламалар кеңесінің пәтуасымен елімізде жұма намазын жамағатпен бірге оқу уақытша тоқтатылғаны белгілі.

Осы ретте Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуасына құрметпен қарап, қолдау білдіріп жатқан жамағатқа алғыс айтты.

“Жұма күні атыраулық жамағат бесін намазын өз шаңырақтарында оқып, дұға қылды. Осы жерде біз сіздерге алғыс айтамыз. Бұл індет өтпелі. Бұл індет адамзат баласына берілген уақытша сынақ қана.

Алла Тағаладан дұға етіп сұрасақ, бұл күндерден де өтеміз” деген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бірлікте болуға, мүфтият тарапынан берілген пәтуаны ел игілігі үшін басшылыққа алуға үндеді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close