Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласында теракт жасамақ болған

Бұл жайлы ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлады. Олардың хабарлауынша, 2020 жылғы 25 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушысын ұстады.

Ол «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым сайлынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деген күдік бар. Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды.

Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу жалғасуда.

durbi.kz

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close