Жаңалықтар
Иегово куәгерлерінің басқару кеңесі егде жастағы ұйым мүшелері жайлы ақпарат жинаған
Иегово куәгерлерінің бүкіләлемдік басқару кеңесі өздерінің кереғар құпия хабарламаларымен және COVID-19 пандемиясы кезіндегі қарияларға (старейшин) арналған ескертпелерімен таңғалдырды.
«2020 жылғы наурыз» деген құжаттың 5-бөлімінде ұйымның қариялар кеңесі филиалдардан егде жастағылар жайлы ақпаратты құпия күйінде өздеріне беру жайлы жазылған: 1) 1985 жылға дейін (сол жылды қоса алғанда) шоқынғандарды; 2) 60 жастан жоғарыларды. Мұндай ақпаратты жинаудағы мақсат анық көрсетілмеген, тек тапсырманы мүлтіксіз орындау жайлы нұсқау берілген. Бұл нені білдіреді? Бүкіләлемдік басқару кеңесі келешекке болжам жасап жатыр ма әлде ұйымның қауіпті мүшелерін таңдап отыр ма?
2020 жылғы 10 наурыз күнгі басқа құжатта Басқару кеңесі бауырластар өздері мен өзгені рухани көтермелеу жайлы айтады да, кейін жиналып шараларға қатысу маңызды бола тұра ауырған адам үйде отыруы керектігін ескертеді. Ауруханалармен байланыс комитетіне кез келген жағдайға дайын болуды да еске салады.
1 сәуір күнгі хабарламада (4-бөлім) бауырластарға экономикалық тұрақсыздыққа, жеке бастағы қиындықтарға және карантиндік шектеулерге қарамастан құрбандық, жәрдем жасауға ынталандыру жайлы айтылады. Және « … есте сақта, Иегово ең кішкентай құрбандықтың өзін байқайды» (Луки 21:2-4) деген цитата келтіреді.
Сондай-ақ, 2020 жылғы наурыздағы хабарламада «ықтимал құрбандық жасаушыларға» қозғау салуға, ортақ іске үлес қосу үшін делдалдарсыз тікелей филиалдарға хабарласу ұсынылған.
durbi.kz