Жаңалықтар
Атырау облысының аумағында деструктивті діни ағымды ұстанушылар 10-нан аса қылмыс жасаған
Атырау облысының аумағында деструктивті діни ағымды ұстанушылар 10-нан аса қылмыс жасаған.
Бұл жайлы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Олардың мәліметінше, жат ағымдағы тұлғалардың бөтеннің мүлкін ұрлау, заңсыз балық аулау, бопсалау, ұрып-соғып, денеге жарақат салу, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру секілді қылмыстарға қатысы бар.
«Жыл басынан бері оннан аса қылмысты тергеу барысында олардың жалпы құны 2 млн. теңге көлемінде материалдық залал келтіргені анықталды. Сондай-ақ, деструктивті діни ағым ұстанушылары тарапынан төтенше жағдай режимін бұзу фактілері де тіркеліп отыр. Әрбір факті бойынша қылмыстық және әкімшілік жаза жүргізілуде», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Ал басқа да ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес әзірге жариялауға жатпайды.
durbi.kz