Жаңалықтар
Төрт жасар сәбиді зорлап өлтірген деструктивті діни ағым мүшесі сотталды
Durbi.kz. Шымкент қаласында 4 жасар сәбиді зорлаған адамның қылмыстық ісіне сот шешім шығарды. Бұл жайлы taunews.kz хабарлады.
Сұмдық оқиға 2019 жылы болған. Ер адам сәбиді алдап құрылыс алаңына алып барып, сол жерде зорлаған. Сәби оқиға орнында қайтыс болды. Сот қылмыскерді 12 жылға бас бостандығынан айырды. Қылмыскер деструктивті діни ағымды ұстанған.