Жаңалықтар

Деструктивті діни ағым мүшелерінен екі автомат, үш тапанша мен оқ-дәрілер табылды (ВИДЕО)

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзен қаласында деструктивті діни ағымда жүрген екі адамды ұстады. Күдіктілерді тінту кезінде екі автомат, үш тапанша, сонымен қатар оқ-дәрілер табылып, тәркіленіп алынды.

ҰҚК ресми мәліметінше, 7 тамыз күні атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған.

«Соның аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынды ұстады. Тінту кезінде заттай айғақтар, оның ішінде екі автомат, үш тапанша, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып, алынды», – делінген ресми хабарламада.

9 тамызда сот күдіктілерді қамауға алу туралы санкция берді. Қазіргі кезде олардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close