Мәселе

Радикал шәкірт қайдан шығады? (ВИДЕО)

Durbi.kz. Дінтанушы Тұрар Абуов: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген жақсы сөз бар. Діни білім алуда ұстаздар қандай білім берсе, шәкірт соны ақиқат санайды. Радикал шәкірт кейде радикал ұстаздан шығуы мүмкін. Ұстаздың айтқан ілімі шәкіртке тура жол болып көрінеді. Ата-аналар балаларының кімнен білім алып жүргеніне аса мән беруі керек» дейді.

«Жалпы радикалды діни ағымдар идеологиясының таралуы бүгінде бір елдің ғана емес, жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелердің біріне айналды.

Радикализм – белгілі бір көзқарасты бұлтартпай ұстану деген мағынаны білдіреді. Зерттеушілердің пікірінше, радикализм ұстанымы қалыптасқан қоғамдық дәстүр мен үрдістерді, көзқарас пен институтты өз идеологиясына қарай өзгертуге бағытталады.  Қай дінде болсын діни радикалды идеологияның кез келген елдің қалыптасқан әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне, моральдық-рухани құндылықтарына, жалпы алғанда қоғамның бірлігі мен ынтымағына төндірер қауіпі зор.

Ислам діні – барша халықты бірлікке, ынтымаққа шақырушы бейбітшілік діні. Өкінішке қарай, әлем сахнасында ислам, мұсылман атын жамылған лаңкестік ұйымдар мен топтар ислам дінін қол шоқпарға айналдыру үрдісі әзірге тоқтар емес?!» деп жазады дінтанушы «Радикал шәкірт қайдан шығады?» атты мақаласында.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close