Жаңалықтар

Атырау қалалық пробация қызметі сотталған тұлғаларды теологпен кездестірді

Экстремистік теріс ағымдардың күшеюі, жалған ақпарат таралудың жиілеуі және ғаламторда теріс діни ағымдарды насихаттайтын сайттардың көп болу себепті Атырау қалалық пробация қызметі бөлімінің экстремистік және террористік баптар бойынша сотталған тұлғалардың қатысуымен Атырау қалалық экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бөлім басшысы Асқар Рахимов және «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теолог маманы Абылай Саденнің арнайы қатысуымен жиналыс өтті.

Атырау қалалық пробация қызметі есебінде тіркелген 20-ға жуық экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталған тұлға бар. Шараның басты мақсаты экстремизм және терроризмнің қауіптілігі, оның шынайы белгісін азаматтарға түсіндіру, алдын-алу шараларын эктремисттік топтардың қазіргі таңда қаншалықты қауіптілігін жеткізе отырып, түсінік жұмыстарын жүргізу. Осыған байланысты діни мамандармен бірлесе отырып, экстремистік топтарды, секталарды қалай ажыратуға болатындығын айтып, қорғану жұмыстарын жүргізу жайында дәріс өтті.

Сотталғандар тарапынан «Теріс ағымды қалай ажырата аламыз?!», «Жусан операциясы», «Діни ахуалға қаншалықты залал келтіріп отыр және одан арылу жолдары?!»  тақырыптарында сұрақтар қойылды. Білікті мамандарға қойылған сұрақтар жауапсыз қалмады.

Әсел Рахметоллақызы

Атырау қалалық пробация қызметі бөлімі

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close