Жаңалықтар
Атырауда діни бірлестік басшылары мен қызметкерлерге арналған біліктілік арттыру курсы өтті
Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығы тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» тақырыбында семинар өтті.
Діни бірлестік басшылары мен қызметкерлерге арналған бір күндік семинар ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн режимінде өтті.
Курста «Дін және зайырлылық», «Дін және мемлекеттік қатынас» туралы конфессиаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы департаментінің директоры Диана Есенова қатысушыларға баяндама аясында түсінік жұмыстарын жүргізді.
«Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің SMM секторының меңгерушісі Мақпал Бисембиева «БАҚ және интернет ресурстарда діни діни тақырыптардың өзектілігін ашып көрсету және көпшілікке өтімді тақырыптар таңдай білу» тақырыбында дәріс оқыды. Діни өзекті мәселелерді БАҚ пен әлеуметтік желілерде халыққа түсінікті, оқылымды қылып жеткізу жайы түсіндірілді.
Семинар қaтысушылaр aрaсындa пiкiр aлмaсу түрінде аяқталады.
Шапағат орталығы