Жаңалықтар

Оралда «Аққулар» мен «Сұңқарлар» ұсталды

Durbi.kz. 2009 жылы Қазақстан аумағында заңмен тыйым салынған  «Ата жолы» тылсым-мистикалық» діни ағымының 4 мүшесі «Орал- Алматы» бағытындағы пойызға отыру үстінде  ұсталды.

Орал станциясы Полиция желілік бөліміне 14 қыркүйек күні түскен  жасырын қоңырау бойынша анықталғандай, тіркеуден өтпеген «Ата жолы» ұйымының мүшелері «Орал-Алматы» пойызымен Алматы бағытына жүріп кеткелі тұр екен.

Көлік полициясы, Батыс Қазақстан полиция департаменті және Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасымен бірлескен рейдте анықталғандай, 41-50 жас аралығындағы Орал қаласының 4 тұрғынына әкімшілік хаттама толтырылды. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіның 489 бабының (Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру) 9,10-тармақтары бойынша 50 және 100 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болды.

«Тіркелмеген, алайда жасырын түрде қызметтерін жалғастырып жүрген «Ата жолы» ұйымы туралы мәліметтерді тексеру үстіндеміз» деген БҚО-ның құқық қорғау органы қызметкерлері облыс тұрғындарын діни ағымдардың ықпалына түспеуге, аса сақ болуға шақырады.

 

Оралдағы «Ата жолы» ұйымы туралы толық  мақаланы сайтымыздан алдағы күндерде оқи аласыздар.

 

«Дүрбі»

 

 

 

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close