Боямасыз өмір

14 жастағы қыз жыныстық қылмыстың құрбаны болды

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев: «Деструктивтік діни ағымды ұстанушылар жасап жатқан мұндай қылмыстар бүгінгі қоғамда өзекті мәселеге айналып отыр».

Атырау қаласының деструктивтік діни ағымды ұстанушы 22 жастағы тұрғыны 14 жастағы кәмелетке толмаған қызбаланы төсек қатынасына тартқан. Бұл туралы қыздың ата-анасы полицияға шағым түсірген. Белгілі болғанындай, күдікті бұрын қылмыс жасап, сотталған адам болып шықты. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің мекен-жайы анықталып, қамауға алынды.

«Деструктивтік діни ағымды ұстанушылар жасап жатқан мұндай қылмыстар бүгінгі қоғамда өзекті мәселеге айналып отыр. Атырау облысы Дін істері басқармасы қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдары халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатса да, бұл мәселе әлі өткір күйінде тұр. Деструктивті ағымды ұстанушы азаматтар  соңғы жылдары осындай  қылмыстарға жиі баруда.

Ал, жалпы деструктивті ағымды ұстанушы ата-аналар отбасында балаларын қалай тәрбиелеп жатыр?  Кей жағдайларда қыз балалардың  тағдырының тәлтекке түсуіне жанұядағы теріс тәрбиенің салдары әсер етуде дер  едім. Олар  қыздарына «Ертең  «намаз оқитын мұсылманға» тұрмысқа шығуға тиістісің, Жасың келгесін біз сені күйеуге береміз» деп кішкентай кезінен миларына құюда. Олар қыздарын өз ағымындағыларға құл болуға, оның айтқанынан шықпауға, бағынуға, тіпті 4 әйел алса да қарсы болмауға, кедергі жасамауға тәрбиелеп, дайындап жатыр. Олар өздерінің уланған идеологиясымен жасөспірім ұл-қыздарының да санасын улауда» дейді Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы Атырау қаласында болған мына оқиға елімізді дүрліктіргені белгілі. Кәмелетке толмаған 15 жастағы қыз телефон арқылы танысқан ересек адамға тұрмысқа шықты. Басқа қалада тұратын «күйеубаласымақ» Атырауға қызды әдейі іздеп келіп, екеуі жасырын неке қидырған. Деструктивтік ағымды ұстанушы қонақүйден бөлме жалдап, қызбен 2 күн ғана бірге болып, «талақ» айтып, артынша тайып тұрды. (төмендегі видео 2017 жылғы).

Соңғы жылдары деструктивтік діни ағымды ұстанушылар тарапынан қылмыс жасау жиілеп отырғаны белгілі. Адам тонау, қарақшылық шабуыл, бопсалау, зорлау, адам өлтіру, тағы да басқа қылмыстар алдыңғы орында тұр. Соның ішінде қыз, әйел зорлау фактілері жиі көрініс табуда.

Қарағанды қаласында салафит өгей қызын зорлап, асырап алған балаларын ұрып- соққан. Өгей әкеден көрген қорлық пен зорлықты аналарына айтуға қорыққан балалар бірнеше ай бойы шыдап келген. (nur.kz)

Асырап алған қызын ұзақ жылдар бойы зорлаған өгей әке- салафит Сирияға кетуді жоспарлапты. Ол заңсыз қару сақтаған және Алматы қаласында «секс-притон» ұстаған (tengrinews.kz).

Міне, өздерін діндар санайтын деструктивтік діни ағымды ұстанушылардың бұл сорақы әрекеттеріне не деуге болады? Олардың отбасында балалар қандай тәрбие алып жатыр? Балалардың  болашағы қандай болмақ? Санасы уланып, адасқан ағымдағы жігіттер өз әйелдерін талақ етіп тастап кетіп жатқаны аздай, дінге қатысы жоқ қазақтың «он екіде бір гүлі ашылмаған» қыздарына да қиянат жасауда.  Күнәсіз қыздарымыздың өмірі қашанғы осылай өкси бермек? Бұған Сіз не дейсіз, ағайын? 

«Дүрбі»

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close