Жаңалықтар

Полиция қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу, деструктивті діни ағым өкілдерімен профилактикалық іс-шаралар жүргізудің тәсілдерін түсіндіру мақсатында Атырау облысының Жергілікті полиция қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Семинарға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев, Атырау облысы Жергілікті полиция басқармасының басшысы Е.Бигамбаев, Атырау облысы әкімдігінің терроризмге қарсы комиссия отырысын үйлестіру бөлімінің басшысы Л.Бердіғалиева қатысты.
Семинар барысында басқарма басшысы Қ.Көшқалиев заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, учаскелік полицейлерге өздерінің аумағындағы деструктивті діни ағым өкілдерін қалай бақылауға алу қажеттігін түсіндірді.
Басқарманың бас маманы Е.Ерғалиев, Д.Ғалиден әлеуметтік желі бойынша дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы 3 деңгейден тұратын алгоритмді түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, учаскелік полицейлердің теологтармен тығыз қарым-қатынаста байланыс жасау, деструктивті діни ағым өкілін әңгімелесуге шақыруға қандай заң талаптары бойынша міндеттеуге болатындығын баяндады.
Атырау облысы әкімдігінің терроризмге қарсы комиссия отырысын үйлестіру бөлімінің басшысы Л.Бердіғалиева жұмыс барысында туындайтын мәселелерге тоқталып, есептік ақпараттарды уақытылы тапсыруды нақтылады. Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close