Мақалалар

Зайырлы мемлекет және дін

Мақсатбек МАХАНБЕТОВ,

Маңғыстау облысы Дін істері

басқармасының басшысы                            

Әлемдегі зайырлы 113 мемлекеттің бірі – Қазақстан Республикасы. ҚР Конституциясының 1-бабы, 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» делінген.

Елбасы Н.Назарбаев: «Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз» деген болатын.

Зайырлы мемлекетте оның басты қазынасы саналатын  адамның бостандығы мен құқығы сақталады. Заңға сәйкес зайырлы мемлекетте адамның  жынысы, ұлты, тегі, әлеуметтік, тұлғалық, мүліктік жағдайы, наным-сенімі, тілі мен діні қорғалған. Дінге сену, сенбеу, қай дінді ұстау- бұл адамның конституциялық құқығы.

Мемлекет пен дін бөлек. Дін жергілікті халықтың тұрмысы, ұстанған салт- дәстүрі мен ұлттық қазығымен сабақтас. Зайырлы мемлекет  адамның діни сенім бостандығын сақтай отырып, мемлекет пен діннің арасында зайырлы және халықтың рухани құндылықтарына орай байланыс орнатады.

Қазақстан мемлекетінде діни сенімі мен көзқарастары әр қилы ұлттар тату- тәтті өмір сүруде. Бұл зайырлы мемлекетіміздің көптүрлі қарым- қатынастың заңдық негіздерін қамтамасыз етіп отырғанының айғағы.

Бүгінгі қоғамда әр түрлі діни көзқарастағы адамдар, әсіресе діни теріс ағымды ұстанушылар арасында  дін ұстанбаушыларды немесе діни теріс ағымдарға қарсылықты атеистік көзқарасқа балап, қарсы тұрушылықтар кездесіп отыр. Мемлекет жекелеген адамдардың  атеистік көзқарастарына  жауап бермейді. Себебі дінге сену, сенбеу, қандай ма дінді ұстану, ұстанбау- әр адамның өз құқығы.

Зайырлы мемлекетімізде діни қызметтерді Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы жүргізеді. Мүфтиат діни білім беру, мешіттер ұстау,халықтың діни сауаттылығын арттыру, дінаралық келісімді сақтай отырып, діни сенімді түсіндіру жұмыстарын зайырлы мемлекетіміздің заңына сәйкес атқаруда.

Ел халқының басым бөлігі Қазақстанда  мойындалған исламның дәстүрлі Ханафи мазхабы мен православия дінін ұстанушылар. Бұған қоса мұның үстінде тіркелген басқа сенімдегі діни бірлестіктер де бар. Заң бойынша бұлардың бәрінің құқығы тең әрі бірдей.

Алайда соңғы 10 жыл турасында дінді саясиландырып, белгілі топтар тарапынан экстремизм, терроризм идеологиясын насихаттау белең алды. Бұл әлемдегі адамзаттың тыныштығын алып, әр мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Әлемнің әр түпкірінде жазықсыз бейбіт халық жарылыстар мен терактілерсалдарынан ажал құшуда. Дінді саясатқа айналдырған «Ислам мемлекеті», «ДАИШ» сияқты халықаралық террористік ұйымдардың сойылын соғушылар біздің елде де пайда болып, зайырлы мемлекетіміздің заңын өрескел бұзып, әртүрлі қылмыстарға барып отыр. Зайырлы ұстанымдағы Қазақстан  мұндай діни теріс ағымды ұстанушылардың экстремистік әрекеттеріне заңмен тиым салады. Себебі дінді саяси құралға айналдырған деструктивтік ағымдағы топтардың еліміздің тұтастығына нұқсан келтіріп, лаңкестікке бастайтын ұстанымдары мемлекетіміз үшін қауіпті құбылыс екені айқын.

Мысалы салафит-уахабит ағымын ұстанушылар тарапынан мемлекеттік рәміздерімізге құрмет көрсетпеуі жиі кездесіп жатады. Ақтөбе қаласында деструктивті діни теріс ағымды ұстанушы азаматтың көк Туымызды аяғына таптауы, Атырау қаласында спорттық шарада орындалған Әнұран үстінде салафиттердің қолын жүрегіне қоюдан бас тартуын айтуға болады. Бұл- олардың мемлекетті, оның рәміздерін мойындамауы, зайырлы еліміздің Заңын белінен басқандығын көрсетіп отыр.

Діни сенім, наным атаулы адамға тән қажеттілік саналады. Зайырлы мемлекетіміз азаматтарының  осы сенім бостандығығына ерік бере отырып, құқықтық нормаларды бұзбауға міндеттейді. Себебі Қазақстан азаматтары үшін Заң ортақ.

 

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close