Жаңалықтар
Маңғыстауда 12 миссионер жұмыс жасап тұр
Маңғыстау облысында діни ахуал тұрақты. Бұл туралы брифингте Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерлан Есбергенов айтып берді.
Маңғыстау облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 33 филиалы, христиандық сенімде 1 православтық, 1 римдік-католиктік, 8 протестанттық діни бірлестік, барлығы 43 діни бірлестік, 36 ғибадат үйі (мешіттер – 33, православ храмы – 1, протестанттық шіркеу – 1, «Рақым сөзі» Інжілдік Мәсіхші Баптистер қауымы 1 шіркеуі) бар.
Облыс аумағында миссионерлік қызметті 8 шетелдік және 4 қазақстандық миссионер жүзеге асырады. Олар – РКЦ -4 (Польша, Қазақстан), «Жаңа Өмір» ЕСМСҚ-2 (Ресей, Әзірбайжан), Жаңа апостолдық шіркеуі (Германия ФР-1, РФ-1, Қазақстан-3), ҚМДБ МОФ (Түркия-1) .
Діни әдебиеттерді және діни мақсаттағы өзге де ақпараттық материалдарды таратуға арнайы 11 тұрақты жай бөлінген, Оның 8-і Ақтау қаласында, 3-і Бейнеу ауданында орналасқан.
Христиандық бағыттағы діни бірлестіктер әр жексенбіде өздерінің діни іс-шараларын өткізуде. Дін істері басқармасымен олардың өткізіп жатқан жиындарына, айтылған уағыздарына ұдайы мониторинг жүргізіліп отырады.
Өткен жылы облыста 8 ақпараттық түсіндіру тобы жұмыс істеп, 124 лекция, 248 кездесу, 14 семинар, 56 әңгімелесу, барлығы 508 шара ұйымдастырылып, оған 41226 адам қатысты.
Маңғыстау облысы Дін істері басқармасымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында теолог, психолог, имамдар, ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында, «Caspian bridge» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен 14 семинар-тренинг өткізілді. Шараны белгілі теологтар А.Сабдин, А.Акимханов, М.Садыров, психологтар К.Алина және Н.Фесенко, Б.Мырзаев, Б.Есмахан, А.Акимханов, тарихшы С.Гизатов, сарапшы-политолог Р.Ирджанов, психолог Х.Азамат жүргізді.
Деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы бағытында әйел жамағатымен жүйелі түрде жұмыс жүргізу бір жолға қойылды. Бұл бағытта Орталықтың 4 әйел теолог жұмыс жасайды. Салафит әйелдермен түсіндіру және оңалту, профилактикалық шаралары жүргізіліп, дәстүрлі исламға 4 әйел қайтарылды. Жыл бойы әйел жамағатымен әртүрлі 14 іс-шара ұйымдастырылып, оған 463 әйел қатысты.
Дін істері басқармасы теологтарымен діни экстермизм және терроризм бабымен жазасын өтеуші тұлғалармен де оңалту жұмыстары жүргізілуде. Түсіндіру жұмыстары нәтижесінде 11 теріс бағытта дін ұстанушылар дәстүрлі бағытқа қайтарылды.
Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментімен діни қызмет саласында 10 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды. Оның 6-ына қалалық және аудандық сотпен әкімшілік айыппұл салынса, 3-і қысқартылып, 1-і сотқа берілген. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша полиция басқармасының экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкері Евгений Горбач айтып берді.