Жаңалықтар

Ләззат бас жүлдені иеленді

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан  жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ ұйымдастыруымен Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысымен, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамсыз ету және ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында «Рухани  жаңғыру-ұлттық ұлағат үлгісі» бағдарламасы аясында  мектеп оқушылар арасында «Экстремизм мен терроризмнің алдын-алу» тақырыбында шығарма жазудан сайыс өткен болатын. Байқауға 200 талапкер қатысты.

Сайыстың қорытындысы бойынша  8 жеңімпаздың шығармасы ең үздік танылып,  марапатталды. Жастардың білімдерін саралауда Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев,  орталықтың бөлім басшылары Ж.Жұмағалиева, Р.Сейтқалиев  қазылық етті.

Шарада Қайролла Дүйсешұлы «Экстремизм мен терроризмнің пайда болу жолдары мен себеп салдары» тақырыбында слайд арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жеңімпаздармен ашық пікір алмасты.

Бас жүлдені  М.Өтемісов атындағы орта мектептің 11- сынып оқушысы Қалмырза Ләззат  иеленді. II- орынды Қ.Смағұлов атындағы орта мектептің 11- сынып оқушысы Қапарова Мая, III – орынды  Атырау Сервис колледжінің студенті Тоғыздақова Ырыздық пен Б.Нсанбаев атындағы орта мектептің 11 -сынып оқушысы Аралов Рахат жеңіп алды.

 Өз тілшіміз

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close