Жаңалықтар
Діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы қайырымдылық шарасын өткізді
Құрбан айт — барлық мұсылмандар үшін үлкен мереке. Бұл — елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Бұл күні әр мұсылман Алла разылығы үшін құрбан шалып, дініне, иманына адалдығы мен шынайы ықыласын білдіреді. Құрбандық шалу адамды шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа, адалдық пен серт беріктігіне шақырады.
«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында Құрбан айт мерекесіне орай құрбандық шалып, қайырымдылық шарасын өткізді. Аталмыш шараға аниматорлар балаларға түрлі әзілді ойындар ұйымдастырып, би билетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға барынша ат салысты.
Шара барысында Дін істері басқармасының басшысы өз сөзінде Қ.Көшқалиев Құрбан айттың шығу тарихын атап өтті. Мұндағы мақсат жасаған қайырымдылықты мақтаныш ретінде көрсету емес, қайта өзге жамағаттарға ой салу, жақсылықтан құр қалмай қайырымдылық шараларына үлес қосуға үндеу, Құрбан Айт мерекесін балаларға түсіндіру, қамқор болуға баулу.
Мерекелік шараның соңында қазақтың ұлттық тағамдарымен дәм татылып, бағалы сыйлықтар табысталды. Орталықтың басшылығы мен тәрбиешілері қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.