Жаңалықтар
Белгілі спортшы имани тәрбиенің маңызын түсіндірді
Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында белгілі спортшы аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, ұлт жанашыры Ардақ Назаров інісі джиу-джитсудан әлемнің екі дүркін чемпионы, спорт шебері Бейбіт Назаровпен рухани кездесу кеші өтті.
Кездесуді Атырау облыстық жастар саясаты басқармасы мен «Төртінші билік» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Зал лық толы. Санасында сауле бар Өңір жастарының қарасы қалың болды. Алғаш сөз алған Ардақ ағамыз өмір жолынан мысалдар келтіре отырып, қазақтың би-шешендерінің, тарихи тұлғалардың өнегелі өсиеттерін айтты. Жастарға қандай қиындық кездессе де еркекше жеңе білу, табандылық қасиеттер болу керектігін жеткізді. Спортқа жаңа келген кезінде тап болған қиындықтарға қарамастан спортзалға түнеп жүріп, чемпион ағаларының кеңестерін тыңдай жүріп өзі де сол жолға түсіп, жетістікке жеткенін баяндады. Сондай-ақ өмірін өзгерткен тағы бір оқиға, дінге бет бұрып, маңдайы сәждеге тиген уақытын әлі ұмытпағанын ұмытпайтынын да айтты. Жастарға имамдардың уағызын тыңдап, елге танымал тұлғалармен кездесіп, тəлімді əңгімесін тыңдау баланың көпшіл, көреген болып өсуіне септігін тигізетінін атап өтті.
Жастар тарапынан меймандарға сұрақ көп қойылды. Уақыттың тығыздығына қарамай барлығына жауап беріп, шара соңында көпшілікке батасын берді. Ұйымдастырушылар қазақы шапан жауып, ізгі тілек білдірді.
Кеш аяғы тағы бір тағылымды шарамен жалғасты. «Харекет» қайырымдылық қоры 136-шы баспананы Жылой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны, 8 баланың анасы Раджапова Розаға табыстады.
Нүркен ƏМІРАШЕВ,
Атырау қаласы