Жаңалықтар
Атырауда азан жарыс өтті (СУРЕТ)
Облыстық деңгейде өткен әсем әуезді азан жарысына мешіт қызметкерлері қатысты. Ақтау қаласында өтетін республикалық азан жарысы бәйгесіне үздіктерді іріктеу мақсатында ұйымдастырылған бәйгеде оннан астам үміткер өзара бақ сынасты.
Азан айтудан облыстық “Иманғали” мешітінің азаншысы Саламат Иманғалиев бірінші орынды жеңіп алды.
Екінші және үшінші орынды жылыойлық Арман Ыбырашев және Махамбет ауданының бас имамы Ержан Иманғалиев өзара бөлісті. Жеңімпаздардың барлығы қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Сондай ақ, өзге де қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Осылайша, азан айтудан үздік деп танылған орталық “Иманғали” мешітінің азаншысы Саламат Иманғалиев Ақтау қаласында өтетін республикалық бәсекеде Атырау облысының намысын қорғайтын болады.
Еске сала кетелік, азан жарысына Алматыдан арнайы келген ұстаз, қари Ерсін Әміре және Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған алқа қазылық етті.
Баян Жанұзақова