Жаңалықтар
Тағы бір атыраулық ұсталды
Атыраудағы терактіге қатысты деген күдікті Елдос Күншуғаров Түркиядан елге экстрадицияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.
Кеше, яғни 16 қазан күні ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Елдос Күншуғаровты қылмыстық жазаға тарту үшін елге жеткізді. Ведомоствоның мәліметінше, ол 2011 жылы Атырауда болған террорлық қылмысқа қатысқан деген күдікпен ұсталып отыр. 2011 жылы қазан айында Атырау облыстық әкімшілігінің ғимаратында екі бірдей жарылыс болғаны белгілі. Жарылыс террорлық акт деп танылып, ізінше қылмыстық іс қозғалған болатын. Терактіден соң бас сауғалап қашып үлгірген Күншуғаровқа халықаралық іздеу жарияланған болатын. Оны ұстау және елге жеткізу Қазақстанның қылмыстық іздеу органдары мен түркиялық әріптестердің бірлескен іс-қимылы нәтижесінде жүзеге асты.
Елдос Күншуғаров бүгінгі таңда Атырау қаласына жеткізіліп, тергеу изоляторына тоғытылды. «Ол мұнда сот шешімі шыққанша болады» дейді құзырлы органдар.
durbi.kz