Жаңалықтар

Заң бұзған «діндар» нашақор екен

Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдарының мәліметінше, Ақсай қаласының тұрғыны, «ваххабизм» ағымының мүшесі М.Ж. бір күнде екі бірдей заңбұзушылыққа барды.

Ол Ақсай қаласындағы З. (есімі өзгертілді) деген әйелдің үйіне есігінен емес, терезесінен кірген. Мақсаты – сол үйде қонақта отырған өзінің дос қызы А-ны (есімі өзгертілді) үйден алып шығу болыпты. Қызды үйден алып шығып, күштеп көлікке мінгізіп, қаланың сыртына әкетіп, көліктен түсірмей ұстаған…

Екі оқиға да зардап шегушілердің арызы бойынша Ақсай аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді. Алғашқы ақпарат зардап шегушілердің екеуі де артынан сөз ермеген, жөні түзу адамдар екенін айтады.

Біз зардап шегушілермен телефон арқылы байланысқанымызда олардың екеуі де қандай ма бір ақпарат беруден бас тартып, өздеріне күш көрсетуші «діндармен» өзара келісімге келгендерін айтты.

«М.Ж. бұрын да деструктивті діни ағым «ваххабизмді» ұстанған адам ретінде көзге түскен және марихуана есірткісін пайдаланушы адам ретінде белгілі» дейді құқық қорғау органы.

«Дүрбі»

*сурет ғаламтордан

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close