Жаңалықтар

Балаға көңіл бөлу – пайғамбар сүннеті

7 қыркүйек күні «Шапағат» орталығы Жайық өзеніне кемемен саяхат ұйымдастырды. Оған «Шапағат» ҚҚ -ның теологтарынан тұрақты білім алып жүрген мешіт жамағатының балалары мен аналары қатысты.
«Баласы бар баламен бала болсын» деп өсиет қалдырған Пайғамбарымыз жас сәбилерге ерекше мейіріммен қараған. Пайғамбарымыз балаға «Алла тағаланың берген сыйы»деп қарағандықтан, ұлды артық көріп, қызды кемсітуге жол бермеген. Бүгінгі қым-қуыт заманда қаншама құндылықтарымыз тасада қалып жатыр десеңізші! Соның бірі- бауыр еті баламызға қаншалықты көңіл бөліп жүргендігіміз. Мамандардың айтуынша, балаға бес жасқа дейін көңіл бөлу қажет. Бес жасқа дейін бала бойына сіңген жақсы тəрбие оның болашақ өмірінің дұрыс қалыптасуына зор əсер етеді.
«Шапағат» орталығының тарихшысы Ернар Абзалұлы Жайық бойындағы тарихи оқиғалар, Бөкей ордасы туралы əңгімеледі. Ата-аналар мен балалар таза ауада жайылған дастарханнан дəм татты.

Балаға жиі көңіл бөліп, онымен сырласа білсеңіз, бала ана-анасына өз ойын жасырмай айта алса, яғни ара қатынасыңыз махаббатқа толы болса оның ішкі сезімін бақылап отыруға мүмкіндік бар. Ал керісінше болса, бала ата-анасынан алыстап, тұйықталып, өз проблемасымен оңаша, жалғыз қалады. Ал бұл баланың өсе келе əртүрлі қиындықтарға тап болуына себеп болады. Сондықтан тəрбиелі, Отанын сүйетін, еліне, ұлтына қызмет ете алатын ұрпақ тəрбиелеу- басты мақсатымыз.

Жайық өзені үстіндегі саяхат балалар мен аналарға қатты ұнады. Олар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, риза болды.
«Шапағат» орталығы

Tags

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close