Көкейкесті

Бұл тəртіпсіздікті жылы жауып қоюға болмайды

ҚР Ақпарат жəне Қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, Ақтөбе облысы Дін істері басқармасы, Ақтөбе облыстық білім басқармасы назарына!
 
Жақында əлеуметтік желіде Ақтөбе облысының бір мектебінде орамалды қыздардың кластас қызды шашынан сүйреп сабаған видеосы тарады. Бұл жерде мектеп формасының сақталмай, оқушының мектептің ішкі тəртібіне бағынбай отырғаны, оның үстіне сыныптас оқушы қызды орамалды қыздардың жабылып сабағаны, заңға қайшы əрекетке барғаны белгілі болып отыр. Бұл тəртіпсіздікті жылы жауып қоюға болмайды. ҚР Заңы баршаға ортақ.
 
Оқушы қыздар мектептің ішкі ережесіне неге бағынбайды, мектепке неге орамалмен келіп жүр? Намаз оқимын деп, орамал тартып жүрген оқушы қыздардың исламға, мұсылман баласына мүлде қарама-қайшы əрекетке баруы, яғни əлімжеттік жасап, өте қатігез түрде адам сабауы қоғамды бей-жай қалдыра алмайды. Біз болашаққа қандай жастарды тəрбиелеп жатырмыз?
 
Ислам діні – адамға қиянат жасауды үйретпейді. Бұл қыздардың əрекеті керісінше, мейірімге, қайырымға, адамдыққа үндейтін дінімізге күйе жағып отыр. Бұл намазхан кішкентай қыздар кімнен, қандай тəрбие алып жүр? Олар болашақта кім болып шығады? Əлден мына видеодағыдай агрессияға бейім болса, өскенде ол қыздардан нені, қандай қауіпті күтеміз? Тиісті мекемелер тарапынан осы өрескел, шектен шыққан оқиғаға тиісінше назар аударып, заң тұрғысынан жұмыстануды сұраймыз.

видео Айгүл Орынбектің фейсбуктегі парақшасынан

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close