Жаңалықтар

БҚО-да жоғалған 15 жастағы қыздың заңсыз неке қидырып, пәренже жамылып жүргені анықталды

Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы қыздың тұрмысқа шығу дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Бөрлі ауданында болған.

Биылғы 16 қыркүйекте кәмелетке толмаған қыздың жоғалып кеткені жөнінде хабар түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында оның Орал қаласындағы тұрғылықты мекенжайы анықталды. Қыз сыртқы белгілері бойынша дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын Ж. деген азаматпен шариғатқа сәйкес заңсыз неке қидырған. Неке мешіт пен қыздың заңды өкілдерінің, имамдардың қатысуынсыз қиылған.

Жалған некені жамылған Ж. кәмелетке толмаған 2005 жылғы қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Табылған кезде И. қара түсті пәренже жамылып, бетін толық бүркеніп жүрген. Туыстарымен барлық қарым-қатынасты үзуге әрекеттенген.

«Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер» (бес жылға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жаза немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық жауапқа тарту қарастырылады», дейді полициядағылар.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close