Жаңалықтар

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Жаңа жылмен құттықтады

Қайролла КӨШҚАЛИЕВ,

Атырау облысы Дін істері

басқармасының басшысы

  

Құрметті облыс тұрғындары!

 Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекіткен Қазақ елі тағы бір жылды өткерді. Өткен жыл тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге ауыртпалық әкелді. Дегенмен елімізде жаңа жетістіктерге жетіп, экономикалық-саяси және әлеуметтік мәселелерді ретке келтіру үшін батыл қадамдар жасалды.

Қашан да қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды саналатын дін мәселесінде ынтымақтастық пен тұрақтылықты қалыптастыру жолындағы игі істер де өз жемісін беруде. Діннің дәстүрлі құндылықтарды жаңғыртуда  үлесі зор және кез келген халықтың тарихи тағдырында маңызды рөл атқаратындығы мәлім.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысы Дін істері басқармасы деструктивті діни ағымды ұстанушыларын дерадикализациялау, экстремизмге қарсы іс-әрекет, теріс пиғылды ағымдарға тосқауыл қою, деструктивті діни ұйымдары насихатының алдын алуда республика бойынша көш бастап келеді.

Өткенді таразылап, болашаққа бағдар жасайтын осы сәтте діни ахуалдың тұрақтауы жолында өңірде рухани үйлесімділік орнығып, конфессияаралық келісім нығаюда.

Ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстардың келер жылы да кең ауқымда жүзеге асырылатынына кәміл сенеміз.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман, ауызбіршілігіміз бекем болсын. Әр шаңыраққа береке тілеймін!

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close