ЖаңалықтарКөкейкесті

Діни бағыттағы балабақшалардың жұмысы тоқтатылды

Діни бағыттағы балабақшалардың жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында  ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын мәлім етті.

«Былтыр бүкіл балабақшаларға тексеру жүргіздік. Шынымен де олардың арасында діни бағыттағы балабақшалар анықталды, соның ішінде Алматыда және басқа қалаларда болды. Атап айтқанда, олардың жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың күшімен тоқтатылды. Бұл жерлерге діни топ мүшелерінің балалары ғана барған»,- деп нақтылады Берік Арын.

Оның сөзіне қарағанда, білім беру ұйымдарында осындай мониторингтік шаралар жүргізіліп тұрады. Айта кетейік, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Жобада мемлекеттік қызметшілердің дін саласындағы әдебіне байланысты бірқатар талаптар нақтыланған.

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close