Жаңалықтар

Жат діни ағым салт-дәстүріміз бен қоғамдық қатынастарымызды бұзады

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, Атырау қаласындағы №25 Б.Момышұлы атындағы орта мектеп оқушыларына «Болашаққа бағдар: білім және тәрбие» атты кездесу өткізілді.


Аталған шараға білім саласының ардагері, облыстық АТТ мүшесі, Марданов Темірбек, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» бөлім басшысы Даурен МҰХАМБЕТАЛИЕВ, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының теологы Сариев Сұлтангелді және «Жусан» операциясымен Сириядан елімізге оралған отбасы мүшесі Юсупова Нұржамал қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Облыстық АТТ мүшесі, Марданов Темірбек деструктивтілік бүлдіргі деген мағына беретінін, салт-дәстүріміз бен қоғамдық қатынастарымызды бұзатын қырлары бар екенін айтты. Сонымен қатар, білім алудың маңыздылығы, қазақ ағартушыларының білім мен дін ара жігін ажырату тәсілдерін айқындап түсіндірді. Ұлықбек, Әл-Хорезми, Ибн Сина сияқты бабаларымыздың ислам өркениеті ғана емес, барлық ғалам өркениетінің шоқ жұлдыздары болғанын мысал келтірді.

Теолог С.Сариев сырттан белгілі бір мақсатпен келген келімсек дәстүрлі емес бағыттары дін еместігін, діни тұрғыда адасушы, ауытқушы тұлғалардың сипаттарын түсіндірді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер мен ғаламтор арқылы таралуы мүмкін сын-қатерлердің жай-күйін талқылады.

 

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close