Көкейкесті

Дін істері басқармасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуде

Ғалиден Данияр Шоқанұлы

Атырау облысы Дін істері басқармасының

Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг

және ақпараттық талдау бөлімінің бас маманы


Қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан Дін істері басқармасы өз жұмысын жалғастыруда.

Атап айтсақ, өңір бойынша әлеуметтік желілерге мониторинг жұмысын жүргізіп келеді.

Ағымдағы жылы Атырау қаласының тұрғыны азамат Нұрғалиев Асқарбек шетелде Мысыр елінде күмәнді оқу орнында оқып жүріп, ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында дәстүрлі емес ислам бағытының танымал идеологы Дилмурад Махмадовтың аудио насихатын жүктеп, Қазақстан Республикасының аумағында таратқан.

Аталған азаматтың жеке парақшасына Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті тарапынан дінтану сараптамасы жүргізіліп, Қазақстанда дін аралық келіспеушіліктер мен талас-тартыстардың туындауына алып келуі мүмкін болуы себепті Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратуға ұсынылмайды деген қорытынды берілді.

Сараптама қорытындысына сәйкес атлмыш тұлғаға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453-бабының 2-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданған болатын.

Сот шешімімен кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 53 020 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Осы ретте, Атырау облысы Дін істері басқармасы діни мазмұндағы материалдарды, соның ішінде аудио-видео жазбаларды, бейне насихаттарды жариялауға, жүктеуге, таратуға тыйым салынатынын ескертеді.

Сонымен қатар, діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сатуға таратуға тиым салынады.

Бұндай жәйттар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 453 және 490-баптарына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.

Атырау облысы тұрғындары үшін!

Атырау облысы Дін істері басқармасы балаларыңыздың діни көзқарасын анықтау мақсатында анонимді түрде әлеуметтік желідегі парақшаларына мониторинг жасау қызметін тегін көрсететінін хабарлайды.

Байланыс телефондары: 8702 519 05 69, 8778 704 71 78

Для жителей Атырауской области!

Управление по делам религий Атырауской области оказывает бесплатную анонимную услугу мониторинга аккаунтов социальных сетей по вопросу определения направлений религиозных взглядов ваших детей.

Телефоны для справок: 8702 519 05 69, 8778 704 71 78

Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close